Шардара су қоймасының мәселесі шешілмесе, 2 облыстың кей елді мекендерін су басуы мүмкін

22.11.2020

Шардара су қоймасының мәселесі шешілмесе, Түркістан мен Қызылорда облыстарында 260 мыңнан астам тұрғыны бар елді мекендерді су басуы мүмкін. Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев осылай деп отыр.  

«1969 жылы секундына 4210 текше метр су келіп, апат болған. Міне, қазір елу жылдан асты. Ал мұндай апаттар елу жылдың көлемінде болып тұрады» - дейді облыс әкімі.

Су қашыртқы салмаса болмайды деп сабақтайды. Айтуынша, Түркістан облысындағы Шардара су қоймасының сыйымдылығы – 5 миллиард 200 миллион текше метр.  

Ал көктемде жарылып, біздің елдің оңтүстігін де әлекке салған Сардоба су қоймасында 1 млрд-қа жетпейтін – 900 млн текше метр су болған етін. Айнұр Ақбаеваның репортажы.


Шардара су қоймасы су басу

Хабарламаларға жазылу