Шардара су қоймасындағы Арнасай бөгеті жаңғырса, өңір шаруалары суға зәруліктен арылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шардара су қоймасындағы Арнасай бөгеті жаңғырса, өңір шаруалары суға зәруліктен арылады

22.12.2015
Шардара су қоймасындағы Арнасай бөгеті жаңғырса, өңір шаруалары суға зәруліктен арылады

Баспасөз мәліметтері бойынша «ОҚО Шардара ауданындағы Шардара су қоймасының Арнасай бөгетінде гидротехникалық құрылыстардың кешенін қайта жаңарту» жобасы басталған. Ол қашықтығы 30 км болатын екі аудан арасындағы қатынас үшін жолын салуды және су қоймасының өзен арнасында үйінді дамбасының құрылыс жұмыстарын жүзеге асыруға бағытталған.

Бүгінгі күні Жоба барлық мемлекеттік органдардан, соның ішінде «КазМИИР» ҒИ, «КазДОРНИИ» АҚ мен ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекаралық қызметінен    келісім алды және Қазақстан Республикасында қолданыстағы мемлекеттік нормативтердің барлық талаптарына сәйкес келеді.

Арнасай бөгетін салу Оңтүстік Қазақстан облысының екі ауданы – Мақтарал және Шардараның әлеуметтік-экономикалық жағдайларын жақсартады. Сонымен, Шардара су қоймасының Арнасай бөгетін қайта жаңарту жобасының аясында толық жобалық қуатымен су қоймасы жұмысын есепке алып, Шардара гидроэлектрстанциясынан электр энергиясын өндіруді ұлғайту мүмкіндігі туады. Шардара су қоймасының жобалық қуаты – 5,2 млрд текше метр.

«Сондай-ақ, Арнасай бөгетін қайта жаңарту жобасының аясында салынатын жол Оңтүстік Қазақстан облысының екі ауданында тұрғындар арасында қатынас жолын едәуір қысқартады. Бұған қоса, Шардара су қоймасының жұмысы толық жобалық қуатымен ауыл шаруашылығы жер-суларын суару үшін суды сақтау және тасқын судың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған Көксарай контрреттегішінің жұмысына оң әсер етеді»,-делінген баспасөз мәліметтерінде.   

Хабарламаларға жазылу