СҚО-да 79 ауылды су басуы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

СҚО-да 79 ауылды су басуы мүмкін

16.02.2021

Солтүстік Қазақстан облысында 79 елді мекенді су басуы мүмкін. Себебі күзгі ылғал қоры қалыпты жағдайдан 42 пайызға артық. Қардың қалыңдығы қалыпты болғанымен, жер 60-тан 150 см-ге дейін қатып қалған. Әлі де аяз тұрып, қар жаууы мүмкін. Ал су басуы мүмкін ауылдарда 6 мыңнан астам адам тұрады.

Сәкен Ағзамов, облыстық ТЖД бөлім бастығы:
Егер жағдай ушығып кетсе, көмекке жергілікті атқарушы органнан қосымша 2 мыңға жуық адам келеді. Бұдан бөлек, 1400-ден астам техника, 190 тонна жанар-жағармай, 32,6 тонна инертті материал мен 28 мыңға жуық қап дайындалды.

Ал Павлодар облысында Баянауыл, Май, Тереңкөл аудандары және Ақсу қаласы аумағында орналасқан 28 елді мекенді су басу қаупі бар. Аймақта қар аса қалың емес. Бірақ кей жерлерде мұздаққа айналған топырақтың тоңы 1,5 метрге дейін жетеді. Яғни, күрт еритін болса көлкіген су жерге сіңе алмай айналаға жайылады. Тасқынның алдын алу үшін жанар жағармай қоры жасақталды, 140-қа тарта техника дайын. 

Хабарламаларға жазылу