Шығыс Қазақстандағы бірнеше аудан бюджеттен қосымша ақша сұрауда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шығыс Қазақстандағы бірнеше аудан бюджеттен қосымша ақша сұрауда

25.02.2020

Қар қалың, қаражат тапшы. Шығыс Қазақстандағы бірнеше аудан облыстық бюджеттен қосымша ақша сұрап отыр. Тау-тау болып үйілген қарды сыртқа шығару үшін қаржы жеткіліксіз. Биыл аймақтың кей жерлерінде ақ ұлпаның мөлшері әдеттегіден 2-3 есе көп. Көктемде су басуы мүмкін деген қауіпті аймақта барлығы 108 елді-мекен бар. Шемонайха шаһарына кіреберістен-ақ қардың қалың түскені байқалады. Елді мекеннің атауы жазылған жол белгісі қар астынан жартылай қана қылтиып тұр. Осы ауданға қарайтын ауылдар да түгел ақ ұлпа құрсауында. Қарды арнайы техникамен сыртқа шығармаса болмайды. Көпшіліктің көксегені де осы.

Әзірге жұмыс тек аудан орталығында қызып тұр. Маңайдағы ауылдар, әсіресе, ойпаңда орналасқан елді-мекен халқы көктем жақындаған сайын алаңдаулы. Күн шығып, шатырдан қар еріп, су тамшылай бастаса, көмек күткен жұрттан одан бетер маза қашады.

Берік КӨШЕРБАЙ


Хабарламаларға жазылу