Кейбір танкілер Ағдамға Түркия туымен енді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Кейбір танкілер Ағдамға Түркия туымен енді

20.11.2020

Бүгін Әзірбайжан әскері армян күштерінен азат етілген Таулы Қарабақтағы Ағдам ауданына енді. Танкілердің кейбіреуінде Түркияның туы да желбірейді.  

Айта кетсек, Баку, Мәскеу, Ереван қарашаның 10-да қол қойған келісімге сәйкес, Таулы Қарабақтың айналасындағы үш аудан мен ішіндегі территориялардың бір бөлігі Әзірбайжанға қайтарылуы тиіс. Кейбір мәліметтерге қарағанда, Әзірбайжан қарулы күштері қыркүйектің соңында басталған соғыс нәтижесінде Қарабақтың 72 пайыздан астам аумағын бақылауға алайын деп отыр.

Арыстан Рысбек 


танк Ағдам Түркия Әзірбайжан әскері Таулы Қарабақ

Хабарламаларға жазылу