Харковьте жарылыс болды: Киевке Ресейдің жаяу әскері жақындап қалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Харковьте жарылыс болды: Киевке Ресейдің жаяу әскері жақындап қалды

01.03.2022

Украинаның Харковь қаласының орталық алаңындағы облыстық әкімшілік ғимараты маңында жойқын жарылыс болды. Мұны елдің Мемлекеттік төтенше жағдайлар қызметі хабарлады.

Оның дерегінше, азаматтық нысанға Ресей ракетамен соққы берген. Дегенмен, Мәскеу бұл оқиғаға қатысты түсініктеме бермей отыр.

Аталған қызметтің мәліметінше, соққыдан алты адам жараланды. Солардың ішінде бір бала бар.

Ал, спутниктен түсірілген суреттерге қарағанда, Ресейдің жаяу әскерінің конвойы Киевке жақындап барады. Кейбір мәліметтерге сай, құрамына брондалған техника, танкілер, артиллерия және өзге де логистикалық машиналар енген әскери лектің ұзындығы 60 шақырымға жетеді екен.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу