Сауда соғысындағы жаңа майдан

05.03.2019

АҚШ президенті Дональд Трамп экономикалық соғыста жаңа майдан ашуға жақын. Енді ол Үндістан мен Түркияны саудалық жеңілдіктерден айыру жоспарын жариялап отыр. Өйткені Ақ үй басшысының сөзінше, бұл преференциялар сауда-саттықта әділдікке қайшы. Осыған дейін Үндістан мен Түркия Америкаға тауардың 2 мыңдай түрін салықсыз енгізген. Олардың қатарында көліктің қосымша бөлшектері мен текстильдік өнімдер бар.

Айта кетсек, Трамп мұндай шешімді бірнеше аптадан кейін Үндістанда парламенттік, Түркияда аймақтық сайлау өтерде қабылдап отыр. Кейбір бақылаушылардың ойынша, бұл шешім Үндістан премьері Нарендра Моди мен Түркия президенті Реджеп Тайып Ердоғанның рейтингіне кері әсер етуі мүмкін.

Хабарламаларға жазылу