Өскемендегі балалар үйінде жөргектерге толы жасырын бөлме табылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өскемендегі балалар үйінде жөргектерге толы жасырын бөлме табылды

20.11.2020

Бұл туралы осы мекемеге 3 ай бұрын ғана тағайындалған директор мәлімдеді. Қызметке таяуда ғана келген басшы бір бөлмеден жетім балаларға гуманитарлық көмек ретінде келген жөргек пен басқа да гигиеналық заттардың мол қорын тауып алған. Бұл ақпарат таяуда әлеуметтік желілерге тарап, шығыстың бас шаһарындағы балалар үйінде шу шықты. Ал аталған мекемені ұзақ жыл басқарған бұрынғы директорға қатысты қылмыстық іс қозғалып, біраз уақыттан бері тергеу жүріп жатыр. Оның орнына келген жаңа басшыны облыстық Денсаулық сақтау басқармасы сынақ мерзімнен өтпеді деген себеппен 3 күн бұрын қызметінен алып тастады. Құралай Есенова айтуынша, балалар үйіне бөлінген бюджеттің ақшасы да тиімсіз жұмсалған. 

Құралай Есенова, балалар үйінің экс-директоры:
Бюджетт қаражаты тиімсіз жұмсалатын. Мысалы, кейбір жұмыстар жасалмайтын, ал бірақ ақша жеке кәсіпкерлерге жіберілген. 
Владимир Ли, облыстық Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары:
Бюджеттің қай ақшасы тиісміз жұмсалғаны туралы мен білмеймін. Бұл кісі осы қызметте болған мерзімде өзінің тарапынан жіберілген кателіктер анықталды. Қазір барлық мәлімет құзырлы органдарға жіберілді. Құқықтық баға берілгенде ғана бәрін толық айта аламыз.

Берік Көшербай

Хабарламаларға жазылу