Ақтөбеде алкоголь дайындайтын жасырын цех табылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбеде алкоголь дайындайтын жасырын цех табылды

08.06.2022

Ақтөбеде заңсыз жолмен алкоголь өнімдерін жасап, сатумен айналысқан жасырын цех табылды. Оны Қаржылық мониторинг агенттігінің аумақтық департпменті қызметкерлері әшкереледі. Күдікті өз үйінде әр түрлі атаудағы спиртті ішімдіктерді өндіріп, жалған есепке алу-бақылау таңбаларымен сатып отырған. Тінту кезінде алкоголь өнімдері мен құрылғылар табылып, тәркіленді. Аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Хабарламаларға жазылу