Балалар Нарнияның тұрғындарына көмектесе алар ма екен? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Балалар Нарнияның тұрғындарына көмектесе алар ма екен?

26.03.2016
Балалар Нарнияның тұрғындарына көмектесе алар ма екен?

Ата-анасы төрт баласын Лондоннан ауылға, үй-ішімен араласатын егде жастағы профессорға жібереді. Балалар оның үйінде құпияға толы киім шкафын тауып алып, сол арқылы жануарлар мен тіршілік иелері, қиял-ғажайып адамдар мекен ететін Нарния ертегілер еліне өтіп кетеді.

Сөйтсе, бұл бейбіт ел жауыз сиқыршы әйелдің билігінде екен.  Соның кесірінен ол жерде мәңгі бақи қыс болып тұрады. Балалар Аслан патшаға (бірнеше ғасыр бұрын Нарнияның негізін қалаған Ұлы Арыстанға) сиқыршы әйелді жеңуге, сиқырды жойып, Нарнияның тұрғындарын босатуға көмектесулері керек.

Олар қалай әрекет етпек? Режиссер Эндрю Адамсонның «Нарния Хроникалары. Арыстан, Мыстан және сиқырлы шкаф» балалар фильмін бүгін Ұлттық арнадан сағат 15:35-те тамашалай аласыздар. Басты рөлдерді Джорджи Хенли, Скандар Кейнс, Уильям Моусли, Анна Попплуэлл сомдайды.

Хабарламаларға жазылу