Трамп Байденнің жеңісін әлі мойындамай отыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Трамп Байденнің жеңісін әлі мойындамай отыр

20.11.2020

АҚШ президенті Дональд Трамптың Джорджия штатында Джо Байденнен жеңілгені тағы да расталды. Бұл жайт президенттік сайлауда берілген 5 миллионнан астам дауыс қолмен қайта саналғаннан кейін белгілі болып отыр. Ал сайланған президент Ақ үй басшысын «мүлде жауапсыз» адам деп атады. Өйткені Трамп жеңілгенін әлі мойындамағандықтан, Америкада билікті тапсыру процесі тұралап тұр. 

Айта кетсек, Трамп ешқандай дәлел келтірместен, бюллетендер ұрланды деп сайлаудан бері сотқа бірнеше шағым түсірген.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу