Трамп пен Байден арасында соңғы дебат өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Трамп пен Байден арасында соңғы дебат өтті

23.10.2020

АҚШ президенті Дональд Трамп пен оның алдағы сайлаудағы қарсыласы – демократ Джо Байден арасында соңғы теледебат өтті. Үміткерлер коронавирус, нәсілшілдік және климат мәселелері бойынша дауласты. 

77 жастағы Байденнің ойынша, ковидті тоқтату үшін тағы да карантин қажет. Ал 74 жастағы Трамп Құрама Штаттарды ашатын уақыт жеткенін мәлімдеді. 

Пікірталас 90 минутқа созылды. Онда екі кандидат та жеңіске жеткендерін жариялап отыр. Социологиялық сауалнама нәтижелеріне қарағанда, Байденнің рейтингі Трамптан әлдеқайда жоғары. Бірақ Америкада мұндай көрсеткіштер жеңіске жетуге кепілдік бермейді.

Айта кетсек, АҚШ-та президенттік сайлау 3 қарашада өтеді.

Оған 230 миллиондай адам қатысуға құқылы. Солардың 47 миллиондайы мерзімінен бұрын дауыс берген.

Арыстан Рысбек

АҚШ Президент сайлауы Дональд Трамп Джо Байден АҚШ сайлау сайлау

Хабарламаларға жазылу