АҚШ-тағы президент сайлауының жеңімпазы әлі анықталған жоқ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ-тағы президент сайлауының жеңімпазы әлі анықталған жоқ

06.11.2020

АҚШ-та президенттік сайлаудың жеңімпазы әлі анықталмай отыр. Дональд Трамп дауыстар ұрланды деп ешқандай дәлел келтірместен сотқа шағымданып отыр. Ол бюллетендерді санау аяқталмаса да, өзін жеңімпаз деп жариялады. 

Құрама Штаттар мемлекеттің жаңа басшысына қарашаның 3-інде дауыс берді. Содан бері Трамп сайлаушылар алқасының 214 дауысын жинаған. Ал президент атану үшін 270 дауыс керек. 

Соңғы мәліметке қарағанда, Джо Байденді 253 сайлаушы қолдады. Егер Пенсильванияны ұтса, демократ-кандидат бірден 20 дауыс алып, Ақ үйдің жаңа қожайыны атануы мүмкін. 

Соңғы күндері Байденнің де, Трамптың да жақтастары шеруге шығып, полициямен және бір-бірімен қақтығысты. Президенттің қолдаушылары дауыстарды түгелдей қайта санауды талап етіп жатыр. Ал демократ үміткердің жақтастары республикалықтардың бұл талабына наразылық бірдірді.

Арыстан Рысбек

АҚШ президент сайлауы

Хабарламаларға жазылу