Атырау облысында бір тәулікте 17 адамнан коронавирус анықталды

19.11.2020

Атырау облысында бір күнде 17 адам коронавирусқа шалдықты. Қауіпті індетті жұқтырған науқастардың 14-і қаладан тіркелді. Қалғаны Құрманғазы және Махамбет ауданының тұрғындары. Олардың алтауында ауру симптомсыз түрде өтіп жатыр. 103 адам үй жағдайында емделуде. Облыстық стационарда 28 науқас, ал, Теңіз кенішінің инфекциялық стационарында 32 адам ем қабылдауда дейді мамандар.   

 Асхан Байдуалиев, облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы: 
 -Ауруханалардың екінші толқынға дайындығы осыдан 2 жарым айдан бастап жұмысты жасап жатырмыз. Негізінде, 520 инфекциялық орын-төсек бүгінгі таңда дайын. Соның қазір толтырылғаны - 60 адам. Жалпы, дайындық толық деп есептеймін.  

Жандос Темірғали 


Атырау облысы коронавирус

Хабарламаларға жазылу