Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан 5 адам көз жұмды

14.01.2021
Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан 5 адам көз жұмды

Өткен тәулікте коронавирустан 3 адам көз жұмды. 834 адам коронавирус жұқтырған. Оның 123-і Нұр-Сұлтан қаласында, 122-і Алматы қаласында тіркелді. Атырау облысында 75 адамнан вирус анықталды. Жалпы, ел бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 165311-ке жеттi. 

Соңғы тәулікте 745 адам коронавирус індетінен емделіп шықты. Қазақстандағы COVID-19-дан жазылып шыққандар саны - 151172. Қайтыс болғандар - 2380.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 23 608 адам ем қабылдап жатыр. 272 науқастың жағдайы ауыр.

Коронавирустық инфекция белгілері бар пневмония бойынша бір күнде 91 адам дертке шалдығып, 2 өлім жағдайы тіркелді. Жалпы, 1 тамыздан бері Қазақстанда 46590 адамға пневмония диагнозы қойылды. 34209 адам індеттен жазылып шықты. Қайтыс болғандар саны - 532.

Хабарламаларға жазылу