Қазақстанда бір тәулікте 746 адамнан коронавирус анықталды

11.01.2021
Қазақстанда бір тәулікте 746 адамнан коронавирус анықталды

Өткен тәулікте коронавирустан 1 адам көз жұмды. 746 адам коронавирус жұқтырған. Оның 120-ы Алматы қаласында тіркелді. Павлодар облысында - 65, Атырау облысында 73 адамнан вирус анықталды. Жалпы, ел бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 163019-ке жеттi. 

Соңғы тәулікте 411 адам коронавирус індетінен емделіп шықты. Қазақстандағы COVID-19-дан жазылып шыққандар саны - 149082. Қайтыс болғандар - 2360.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 23 498 адам ем қабылдап жатыр. 272 науқастың жағдайы ауыр.

Коронавирустық инфекция белгілері бар пневмония бойынша бір күнде 27 адам дертке шалдығып, 1 өлім жағдайы тіркелді. Жалпы, 1 тамыздан бері Қазақстанда 46350 адамға пневмония диагнозы қойылды. 33904 адам індеттен жазылып шықты. Қайтыс болғандар саны - 525.

коронавирус статистика

Хабарламаларға жазылу