ШҚО-да 30 градус аяз: Мектептерде сабақ тоқтады
Шығыс Қазақстанда күн күрт суытып, мектептерде сабақ тоқтатылды.
Берік Көшербай, тілші:Кешеден бері Шығыста қыс қаһарына мінді. Соңғы бір-екі күннен бері облыстың солтүстік, батыс және орталық аймағында шыңылтыр аяз қысып тұр. Мысалы, өткен түнде Бородулиха ауданында сынап бағанасы -30 градусқа дейін төмендеді. Сол себептен, төрт ауылда бірінші ауысымда білім алатын бастауыш сыныптарға сабақ болған жоқ.
Сонымен қатар, Риддер қаласында өткен түнде сынап бағанасы -26 градусты көрсетті. Шағын шаһарға қарайтын Бутаково және Поперечное ауылында сабақ доғарылып, 1-ден 9-шы сынып оқушылары мектепке бармады. Казгидрометтегі мамандардың мәліметі бойынша, алдағы түнде де кей жерлерде 25-30 градусқа дейін аяз болып, содан кейін ғана күн біртіндеп жыланады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлттық спорттағы ұлы жеңіс
12.09.2026, 20:17
Қазақ өнерінің жарқын жұлдыздарына құрмет көрсетілді
12.09.2026, 20:15
Алматыда «Ақбала» балетінің премьерасы өтті
12.09.2026, 20:13
Өнерлі әулет туындыларын ұлттық нақышпен ұштастырып отыр
12.09.2026, 20:11
Қызылордалық суретші шыныдан картина салады
12.09.2026, 20:09
Сауд Арабиясында негізгі мұнай құбыры жабылды
12.09.2026, 20:07
Ресейдің 20 өңірінде орман өрті дес бермей тұр
12.09.2026, 20:07
Түркістан облысында 1,16 млн гектар жер суарылды
12.09.2026, 20:06