SCAT ұшағынан ақау шығып, Атырау әуежайына шұғыл қонды
Атыраудан Алматыға бет алған «SCAT» компаниясының Boeing 737-300 ұшағы кеше түс ауа техникалық себептерге байланысты қайта қонуға мәжбүр болды. Ұшу барысында желдету жүйесіндегі дабыл іске қосылған. Осыдан соң экипаж құрамы әуежайға кері оралу қажет деп тапқан. Куәгерлердің айтуынша, ұшақ жерге қону үшін жанармайын жағып, аспанда екі сағаттай айналған. Сол сәтте бортта 141 жолаушы болды.
Виктория Старожилова «Scat» әуе компаниясының қоғаммен байланыс бөлімінің жетекшісі:
Ұшақ қалыпты жағдайда қонды. Зардап шеккендер жоқ. Оқиғадан кейін жолаушылар қонақүйге орналастырылды. Рейс бүгінге ауыстырылып, жолаушылар аман-есен ұшып кетті.
Еске сала кетейік, бұл – «SCAT» ұшағына қатысты екінші оқиға. 11 қарашада Атырау - Нұр-Сұлтан рейсі кезінде құстар ұшақтың қозғалтқышына соғылып, әуе кемесі апаттық жағдайда қонған еді. Бұл оқиғаға қатысты әзірге қорытынды шыққан жоқ.
Жандос Темірғали
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Азия ойындарының жеңімпаздары елге оралды
05.10.2026, 10:10
Ұлттық құрама Азия ойындарында 84 медаль жеңіп алды
05.10.2026, 10:05
Шығыста күн райы күрт бұзылды
05.10.2026, 10:03
Almaty SuperSki жобасы аясында 2 мың шырша отырғызылды
05.10.2026, 10:03
Елімізде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
05.10.2026, 10:03
Astana AI Film Festival байқауының жеңімпаздары анықталды
05.10.2026, 10:02
AI & Digital Bridge 2026 халықаралық форумы қорытындыланды
05.10.2026, 10:01
Қазақстанға Оман Сұлтаны мемлекеттік сапармен келеді
05.10.2026, 10:00