Бруцеллезге қарсы вакцина шаруа қожалықтарына тегін таратылуы керек. Бұл жөнінде Ақтөбе облысында өткен «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының көшпелі саяси кеңесінде айтылды.
Өйткені жекелеген шаруалардың өздері жыл сайын түрлі аурудың алдын алуға арналған дәрі-дәрмекке миллиондаған қаржы жұмсауға мәжбүр. Бұл олардың одан әрі дамуына үлкен кедергі. Сондықтан «Ауыл» партиясының өкілдері мемлекет тарапынан екпе жүргізуге қолдау жасалуы керек дейді.
Оразбек Далмағамбетов, «Ауыл» ХДПП облыстық филиалының төрағасы:
Бұрын Үкімет арқылы вакцина беріліп, екпе егетін еді. Қазір ондай жасалмайды. Үкімет осы істі қолға алуы тиіс.
Талдықорғанда «Ақ жол» демократиялық партиясының кезектен тыс конференциясы өтті. Шарада партияның сайлауалды бағдарламасы таныстырылып, құрылтай делегаттарының тізімі бекіді. Алты бағыттан тұратын құжатта тәуелсіздік және алаш идеясы, демократия мен парламентаризм сынды тақырыптар қамтылып, барлық деңгейдегі әкімдерді сайлау тұрғысында мәселелер көтерілген.
Жақсыбек Кемал, Қуаныш Қанатұлы