Қазақстанда ПТР-тест пен маска бағасы екі есе арзандады
Қазақстанда ПТР-тест пен маска бағасы екі есе арзандады. Енді бір реттік медициналық бетперделер орта есеппен 26 теңге тұрады. Бұл туралы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Агенттік президенттің тапсырмасымен зертханалық қызметтер мен жеке қорғаныш құралдарының бағалық саясатына мониторинг жүргізген.
«Нәтижесінде нарықтағы 36 субъектіге ашық сауда-өткізу саясатын көздейтін монополияға қарсы комплаенс жасау арқылы ПТР-тест бағасы 18 000-нан 9 000 теңгеге дейін арзандады («Олимп «КДЛ» ЖШС және «Инвиво» ЖШС 9 мың теңгеден аспайтын бағаларды белгіледі, «Сұңқар» ЖШС және «Әйгерім» ЖШС жекелеген зертханалары бағаларды тиісінше 6 000 және 7 000 теңгеге дейін төмендетті).
Медициналық маска бойынша өндірушілер бағасы орта есеппен бір данасына 21 теңгеге дейін, дистрибьюторлар мен бөлшек сауда желілерінің үстеме бағасы 20 теңгеден 3 теңгеге дейін арзандады, яғни бір бетперденің бағасы орта есеппен 60 теңгеден 26 теңгеге түсті», - делінген хабарламада.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Қазақ өзін дәрменсіз емес, жасампаз ұлт ретінде сезінуі керек»
26.08.2026, 23:22
Әлем жаңалықтарына шолу
26.08.2026, 20:23
Шымкентте рұқсат етілмеген қоқыс орындары жойылды
26.08.2026, 20:14
Димаштың мексикалық жанкүйерлері ерекше акция өткізді
26.08.2026, 20:13
Зейнетақы жинағын көбейтудің жаңа жолы ұсынылды
26.08.2026, 20:11
Алатау қаласының инвестициялық әлеуеті 6,9 млрд долларға жетті
26.08.2026, 20:10
Президент: Мықты мұғалім – сапалы ұлттың тірегі
26.08.2026, 20:09
Әлемдік классика жауһарлары – қазақ сахнасында
26.08.2026, 20:09