БАӘ билігі алкоголь ішуге және азаматтық некеге рұқсат берді
БАӘ билігі алкоголь ішкендерге қатысты жазаны алып тастады. Бұл туралы WAM агенттігі хабарлайды.
Ел президенті Халифа бен Зейд Әл Нахайян жеке мәртебе мен азаматтық қатынастарға қатысты заңдарға және қылмыстық, қылмыстық-процессуалдық кодекстерге өзгерістер енгізуді мақұлдады.
Өзгерістерге сәйкес, енді өз-өзіне қол жұмсамақ болғандар да жазаланбайды. Сондай-ақ некесі қиылмаған жұптардың бірге тұруына рұқсат бар.
Ел билігінің шешімі бойынша, енді 21 жастан асқан азаматтарға алкоголь ішуіне болады. Ал бұған дейін осы жастағы мұсылман емес туристер мен шетел азаматтарына ғана рұқсат берілген еді.
Сондай-ақ БАӘ-де әйелдерге зорлық-зомбылық жасағандарқа қатысты жаза қатаңдатылды.
Дереккөз: vesti.ru, фото: gotur.kz
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Шекарадағы өткізу бекеттері жаңартылды
23.09.2026, 20:30
Азия ойындары: Қоржындағы медаль саны 19-ға жетті
23.09.2026, 20:28
Қытайда халықаралық «Жібек жолы» кинофестивалі өтті
23.09.2026, 20:26
Жетісу облысында үш экопарк ел игілігіне берілді
23.09.2026, 20:24
Астанада HackAlem AI хакатоны өтті
23.09.2026, 20:22
Бурабайда тау туризмі дамып келеді
23.09.2026, 20:20
Елордада бірыңғай дизайн-код бекітілді
23.09.2026, 20:18
Перзентхана мен әуежайдың ұшу-қону жолағын салуға 33,5 млрд теңге бөлінді
23.09.2026, 20:16