Венадағы терактіден зардап шеккендер арасында қазақстандықтар жоқ - СІМ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Венадағы терактіден зардап шеккендер арасында қазақстандықтар жоқ - СІМ

03.11.2020
Венадағы терактіден зардап шеккендер арасында қазақстандықтар жоқ - СІМ

2 қараша күні кешке Аустрия астанасы Вена қаласында белгісіз адамдар оқ атты. Жергілікті билік өкілдерінің мәліметі бойынша, қаза тапқандар мен жарақаттанғандар бар. Аустрия билігі бұл оқиғаны теракт деп атады.

Еліміздің Аустриядағы елшілігінің алдын ала ақпаратына сәйкес, қаза тапқандар мен зардап шеккендер арасында Қазақстан азаматтары жоқ, деп хабарлады Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, шабуыл алты жерде, соның ішінде қала орталығындағы синагога жанында да болған. Қылмыскерлердің нақты саны мен шабуылдың не үшін ұйымдастырылғаны әзірге белгісіз. 

Лаңкестік шабуылдан кейін кейін Аустрияда, соның ішінде шекарада қауіпсіздік шаралары күшейтілді. Елдің ұлттық кеңесі мен парламенттің отырысы кейінге қалды, мектептерде де сабақ тоқтатылды.

Дереккөз: ria.ru

Фото: Lisi Niesner / Reuters

вена теракт Австрия

Хабарламаларға жазылу