«СҚ- Фармация» өкілдері кей өңірлерде дәрі жетпейді дегенмен келіспейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«СҚ- Фармация» өкілдері кей өңірлерде дәрі жетпейді дегенмен келіспейді

23.10.2020

Атыраудағы №3 емхана мен кардиологиялық орталықта дәрі-дәрмек жетіспейді. Қаладағы емдеу мекемелерін тексерген облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің мамандары олқылықты анықтады. Мәселен, №3 емханада талап бойынша «Дексаметазон» мен «Ксарелто» препаратының екі айға жететін шамамен, 5 мың қорабы болуы тиіс. Қоймадан тек 10 қорап шықты. Ал, медициналық ұйымдарды дәрі-дәрмекпен қамтамассыз етіп отырған «СҚ- Фармация» өкілдері препараттар жетпейді дегенмен келіспейді. Олардың сөзінше, медициналық мекемелерде ең кемі бір айлық қор бар.

Қажымұқан Балмағанбетов, «СҚ-ФАРМАЦИЯ» компаниясы Атырау облыстық филиалының басшысы:  
-Біз жеткізуді жеделдетіп отырмыз. Қазір емханалар мен ауруханаларда ең аз дегенде бір айлық қор бар. 

Ақтөбеде бүгін дәрі- дәрмек тапшылығы жоқ. 53 түрлі препарат тиелген көлік кеше қалаға жеткізілді. «Қажетті дәрі өңірге аптасына бір рет жеткізіліп тұрады»,- дейді «СҚ- Фармация» маманы.

Жандос Темірғали

                                                          

Атырау СҚ- Фармация дәрі

Хабарламаларға жазылу