Балқашта инфекциялық аурухана ашылады
Қарағанды облысының Балқаш қаласында ескі туберкулез диспансерінің ғимараты енді жұқпалы аурулар ауруханасы ретінде пайдаланылады. Бүгінде ғимаратқа күрделі жөндеу жүргізіліп, қайта жабдықталуда. Ол үшін республикалық бюджеттен 371 млн теңге бөлініп отыр. Бүгінде терезелері салынып, жылу құбырлары тартылып, басқа да ішкі жұмыстары істелуде. Құрылысшылар екі ауысымда еңбек етуде. Себебі инфекциялық аурухана желтоқсан айында іске қосылуы керек. Қалада одан өзге инфекциялық орталық жоқ. Медициналық мекеме 100 орындық.
Асқар Махмұтов, Балқаш қаласы орталық ауруханасының директоры:- Індетінің алғашқы толқынында Балқаш қаласында 1000-нан астам адам емделіп шықты. Бүгінгі күні туберкулез диспансерін инфекциялық ауруханаға ауыстырып жатырмыз. 1-ші қабаты ауыр хәлдегі сырқаттарға арналған оқшаулау бөлімі болады. Сонымен қатар 15 орындық жансақтау бөлімі, балаларға және жүкті әйелдерге арналған бөлімдері болады.
Руслан Нұрланұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Түркістанда лимон өсірушілер қатары көбейген
27.12.2025, 17:15
Әлем жаңалықтарына шолу
26.12.2025, 20:58
Мектептерде 124 стоматологиялық кабинет ашылды
26.12.2025, 20:56
МӘМС жүйесіне өзгерістер енгізіледі
26.12.2025, 20:54
Әуе компанияларына бақылау күшеюі мүмкін
26.12.2025, 20:46
Тауда жоғалған 3 адамның бірінің денесі табылды
26.12.2025, 20:44
Мемлекет басшысы Премьер-министрді қабылдады
26.12.2025, 20:42
Алматыда ай сайын 2,5 мың тоннаға жуық қалдықты пайдаға жаратады
26.12.2025, 20:40