Сарапшылар Алматы декларациясының маңыздылығын атап өтті
Алматыда шетелдік ғалымдар коронавирус инфекциясымен күрес туралы тәжірибелерімен бөлісіп, бірқатар ұсыныс айтты. АҚШ, Ұлыбритания, Жаңа Зеландия, Жапония сынды мемлекеттердің ғалымдары әсіресе жүкті әйелдер мен балаларға көрсетілетін алғашқы көмектің маңыздылығына тоқталды. Сонымен қатар, шетелдік сарапшылар академик Төрегелді Шармановтың бастамасымен 1978 жылы қабылданған Алматы декларациясының қауіпті індетпен күрестегі септігі туралы баяндама жасады.
Алмаз Шарман, профилактикалық медицина академиясының президенті:
Алматы декларациясының қабылданғанына 42 жыл өтсе де, әлі өзектілігін жоғалтқан жоқ. Құжатта жазылған қарапайым қағидалардың өзі қазіргі жағдайда көпшілік үшін өте қажет. Сондықтан декларациядағы алғашқы медициналық көмек беру тәсілдерін коронавируспен күресте пайдалануды ұсынып отырмыз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Тараз қасындағы Қарахан кесенесінің аумағын тазалады
14.09.2026, 13:27
«Жоғалған есім»: Жаңа отандық телехикая көрсетіле бастайды
14.09.2026, 13:24
БҚО жастары мерзімді әскери қызметке аттанды
14.09.2026, 13:21
Еуропада велосипедке сұраныс көбейді
14.09.2026, 13:18
Таиланд визасыз жүру мерзімін 30 күнге дейін қысқартты
14.09.2026, 13:15
Anthropic компаниясы ЖИ-дің дамуын баяулатуға шақырды
14.09.2026, 13:12
Сауд Арабиясы негізгі құбырын іске қоспаса, экспортқа арналған мұнай қоры таусылады
14.09.2026, 13:09
СҚО-да банкроттыққа өтініш берушілер көбейді
14.09.2026, 13:06