Қостанай облысында бүгін түннен бастап карантин күшейеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанай облысында бүгін түннен бастап карантин күшейеді

19.10.2020
Қостанай облысында бүгін түннен бастап карантин күшейеді

Бүгін Қостанай облысында коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу бойынша жедел штаб отырысы өтті. Бұл туралы облыс әкімі Архимед Мұхамбетов Instagram желісінде хабарлады. Жиында карантиндік шараларды күшейту туралы шешім қабылданды. 

«Бүгінгі таңда Қостанай облысында коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Бас санитарлық дәрігердің 6 қазандағы қаулысына сәйкес, Қазақстан аумағына келген адамдар термометриядан өтуі керек. Осыған байланысты, облыстың шекаралас аудандарының әкімдеріне санитарлық бекеттерді ұйымдастыру бойынша жұмыс жүргізуді тапсырдым», - деп жазды әкім.

Сонымен аймақта мынадай шектеулер енгізілді: 

1. Күнделікті шектеулер: 

- қоғамдық тамақтану объектілерінің жұмыс режимін сағат 23.00-ге дейін қысқарту, 30 орыннан артық адам қабылдамау; 

- даладағы аттракциондардың жұмысын тоқтату; 

2. Демалыс күндеріндегі шектеулер: 

- қоғамдық көлік қозғалысына тыйым салу; 

- ауданы 2000 шаршы метрден астам сауда объектілерінің, азық-түлік супермаркеттері мен олардағы дәріханаларды қоспағанда, сауда, ойын-сауық орталықтарының жұмысын тоқтату; 

- азық-түлік емес және жабық азық-түлік базарларының жұмысын тоқтата тұру; 

- азық-түлік емес тауарлардың бөлшек сауда объектілерінің жұмыс режимін сағат 10:00-ден 20:00-ге дейін шектеу; 

- фитнес-орталықтар мен спорттық-сауықтыру орталықтарының жұмысын тоқтату; 

- қоғамдық моншалардың, сауналардың жұмысын тоқтата тұру;

Карантиндік шектеулер 20 қазан күні сағат 00:00-ден бастап күшіне енеді.

коронавирус карантин Қостанай

Хабарламаларға жазылу