Жұмабай Шаштайұлының «Қызыл қар» романы таныстырылды
Алматыда Ақпарат және қоғамдық даму министрі мен зиялы қауым өкілдерінің қатысуымен белгілі жазушы Жұмабай Шаштайұлының «Қызыл қар» романы таныстырылды. Аталған шығарма 1984 жылы жазылған. Алайда сол тұста Кеңес үкіметінің қатаң сынына ұшырағандықтан, араға 36 жыл салып қаламгердің 70 жылдық мерейтойына орай қайта жарыққа шықты. Қиын-қыстау замандағы мал шаруашылығының қиыншылығы ашық жазылған романның мазмұны жоғалмай, бірқатар өзгеріс енгізілген. 1000 данамен шыққан роман жуырда кітапханалар мен кітап дүкендеріне таратылмақ. Ал шараға жиналғандар Жұмабай Шаштайұлының өмірде де, әдебиетте де шынайы көзқарасты ұстанатын қаламгер екендігін атап өтті.
Смағұл Елубай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері:
-Жұмабай Шаштайұлы 70-ші жылдары әдебиетімізге келген. Шығармаларының басты бір қасиеті халықтық сипатқа ие екендігі. Оқырмандарын аталмыш шығармаларын оқуға шақырамыз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ғабит Мүсірепов театрына – 80 жыл
17.09.2026, 20:51
Тарих тағылымы – болашаққа бағдар
17.09.2026, 20:29
Тұрғын үйлерді міндетті сақтандыру ұсынылды
17.09.2026, 20:05
Қазақстанның халықаралық резервтері өсті
17.09.2026, 20:04
Елімізде өмірін сақтандыратындар көбейген
17.09.2026, 20:01
2027 жылы адами капиталға жалпы бюджеттің 35 пайызы жұмсалмақ
17.09.2026, 20:01
Ақтау портында жаңа айлақтар салынып жатыр
17.09.2026, 19:55
Елордада әлеуметтік нысандар құрылысы қарқын алды
17.09.2026, 19:53