Мәйіт донорлығы: Қазақстанда екі күнде 500 адам өтініш берді
Елде цифрландыруды ширату үшін тиісті министрліктің құзіретін арттыру керек. Сенатта өткен үкімет сағатында Бағдат Мусин осылай деді. Оның айтуынша, ауылдарға интернет тарту, түрлі платформалар әзірлеу бойынша жұмыстар сапамен емес санмен есептеліп жатыр. Соны бақылау үшін заңға өзгерістер енгізу керек.
Оңғар Алпысбайұлы, тілші:Проблемалар ашық айтылды. Пандемия кезінде онлайн оқуға көшкендіктен интернет қажеттілігі өте өзекті болды. Ауылдарға интернет тартылып жатыр. Бірақ оның сапасын бақылау мүмкін емес. Интернетті министрлік өзі тартпайды. Белгілі, мүдделі компанияларға береді. Ал оның сапасын бақылау қиын.
Бағдат Мусин, ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі:Қазір телефонда мобильді интернет бар деп санауға мәжбүрміз. Оларға айыппұл да бере алмаймыз. Сондықтан біріншісі заңға өзгерістер енгізуіміз керек.
Оңғар Алпысбайұлы, тілші:Интернет болған күннің өзінде онлайн оқу платформаларының жұмысына қатысты проблемалар бар. Оларды пайдалану қиын. Түсініксіз. Осыдан болып ата-аналар да оқушылардың үлгерімін қадағалай алмайды. Министр қазір 13 платформа жұмыс істеп тұрғанын, бәсекелестік жағдайда қайсысы оза шығады сол бойынша жұмыс толық жалғасатынын айтты. Дегенмен атқарылып жатқан жұмыстар да аз емес. Мемлекеттік қызметті электронды ұсыну бойынша біраз шаруа атқарылған. Мәселен, денсаулық сақтау кодексінде көрсетілгендей ағзаны донарлыққа беру-бермеу туралы келісім де цифрландырылды. Бірнеше айдың ішінде қағаз жүзінде 300-ден аса адам ғана таңдау жасаған. Ал электронды порталға енгізілген соң 2 күннің ішінде 500-ге жуық адам сайтқа кіріп, донор болу-болмау туралы таңдау жасаған.
Автор
Оңғар Алпысбайұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлттық домбыра күні: Астанада «Асыл мұра» концерті өтті
05.07.2026, 20:03
ӘЧ-2026: Футбол матчтарына 5 млн-нан астам адам келген
05.07.2026, 19:48
Астанадағы Ұлттық музейде Мұхтар Әуезовтің тоғызқұмалақ тақтасы бар
05.07.2026, 19:44
Жол апаты неге азаймай тұр?
05.07.2026, 19:42
Алғаш рет әкімшілік істер бойынша жауапқа тартылған азаматтарға рақымшылық жасалады
05.07.2026, 19:40
Құрылтай сайлауына партиялар кандидаттар тізімін бекіте бастады
05.07.2026, 19:32
Қос палаталы Парламент: 3,5 мыңға жуық заң қабылданды
05.07.2026, 19:31
«Ақ жол» партиясы Құрылтай депутаттығына үміткерлердің тізімін жариялады
05.07.2026, 13:30