Президент Беларусь Премьер-министрін қабылдады
Мемлекет басшысы Беларусь Премьер-министрі Александр Турчинді қабылдады. Кездесуде екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастық, өнеркәсіп кооперациясы және мәдени-гуманитарлық ықпалдастық жайы талқыланды. Қасым-Жомарт Тоқаевтың пікірінше, Александр Турчиннің Астанаға жасаған алғашқы ресми сапары Қазақстан мен Беларусь арасындағы стратегиялық серіктестіктің айрықша сипатын растайды. Биыл 8 айдың ішінде екі елдің өзара сауда көлемі былтырғымен салыстырғанда 20 пайызға артқан. Өнеркәсіп кооперациясы аясында құны 204 миллион доллар болатын 12 жоба жүзеге асты. Тағы 3-уі пысықталып жатыр.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
Сіздің сапарыңыз мемлекеттеріміз арасындағы ынтымақтастықты дамыту тұрғысынан өте маңызды деп санаймыз. Елдеріміздің сауда байланыстары миллиард долларға жуықтап, табысты дамып келеді. Менің білуімше, Қазақстан – Беларусьтің екінші сауда серіктесі. Жалпы, Сіздің еліңіз бен халқыңыздың төл мәдениетіне ерекше құрметпен қараймыз. Орайлы сәтті пайдалана отырып, Президент Александр Лукашенкоға сәлемімді жолдағым келеді. Табысты ықпалдастығымызды нақты нәтижелермен жалғастыруға бейілміз.
Александр Турчин, Беларусь Премьер-министрі:
Қазақстанның даму жолын жіті бақылап отырамыз. Ұзақ жылдардан бері еліңіздің экономикалық өсімі тұрақты көрсеткішке ие. Сондықтан қазіргі табыстарыңызға шынайы қуанамыз. Өзіңіз атап өткендей, екі ел арасындағы тауар айналымы өсіп келеді.
Автор
Шерхан Жамбылұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Күзгі Kaspi жұма мерекесі басталады
04.11.2026, 20:30
2033 жылға дейін 10 Амур жолбарысы жіберіледі
04.11.2026, 20:26
Түрікменстанмен байланыстыратын күре жол жөнделіп жатыр
04.11.2026, 20:22
Жастар жолдауды талқылады
04.11.2026, 20:21
Жерасты суларының әлеуеті әлі де толық пайдаланылмай келеді
04.11.2026, 20:20
Теміртауда жаңа өндірістік желі іске қосылмақ
04.11.2026, 20:20
Жезқазғанда онкологиялық орталық салынады
04.11.2026, 20:18
Таразда сурдопедагог 25 жылдан бері ерекше балаларға білім береді
04.11.2026, 20:16