Шығыс Қазақстанда қалың қар түсіп, 40-тан астам көлік жолда қалған
Шығыс Қазақстанда 40-тан астам көлік қардан тазаланды. Олар көктайғақ салдарынан Өскемен-Риддер тасжолының бойында тұрып қалған. Бір көлік тіпті жолдан шығып кеткен. Оның ішінде 2 ересек адам мен 3 бала болған. Ешкім зардап шеккен жоқ.
Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері кейбір көлік жолаушыларын жедел түрде сол маңдағы ауылдағы үйлеріне жеткізді. Ал қалған адамдар, жолды тазалағанша, арнайы келген жылы көліктің ішінде күтіп отырды. Облыс аумағында қарлы боран мен көктайғақ болатыны алдын ала ескертілген. Мамандар аса қажет болмаса, алыс жолға шықпауға кеңес беріп жатыр.
Берік Көшербай
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Азия ойындарының жеңімпаздары елге оралды
05.10.2026, 10:10
Ұлттық құрама Азия ойындарында 84 медаль жеңіп алды
05.10.2026, 10:05
Шығыста күн райы күрт бұзылды
05.10.2026, 10:03
Almaty SuperSki жобасы аясында 2 мың шырша отырғызылды
05.10.2026, 10:03
Елімізде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
05.10.2026, 10:03
Astana AI Film Festival байқауының жеңімпаздары анықталды
05.10.2026, 10:02
AI & Digital Bridge 2026 халықаралық форумы қорытындыланды
05.10.2026, 10:01
Қазақстанға Оман Сұлтаны мемлекеттік сапармен келеді
05.10.2026, 10:00