Солтүстік Қазақстан облысында құс тұмауы анықталғанымен, әлі карантин енгізілген жоқ. Ветеринария басқармасы мамандарының айтуынша, әкімдіктің қаулысы шыққаннан кейін ғана арнайы іс-шаралар қолға алынады.
Ресми ақпарат бойынша, 7 мың құс қырылған, ал тұрғындар болса бұдан әлдеқайда көп деп отыр. Қаланың іргесіндегі Якорь ауылының тұрғындары да үрей құшағында. Ал ауылдық округ әкімі қандай да бір ақпарат беруден бас тартты. Жергілікті тұрғындар үйрек-қаздарды өздері емдеуге кіріскен.
Александр Плотников, Якорь ауылының тұрғыны:
- Ешкім келген жоқ, әкімді де, ветеринарды да көрген жоқпын. 3 күн үйдемін, жұмысқа барған жоқпын. Азын-аулық құстар ауырып қалмас үшін бұрыштың бұршағын беріп, профилактика жасап жатырмын, әзірге аман. Не істеу керек екенін ешкім түсіндірген жоқ. Көршім құс фабрикасында істейтін, ол кәсіпорында құс мыңдап өліп жатыр дейді. Мына жердегі инкубаторда қаншамасы қырылып қалды.
Сағындық Сәбитұлы