Коронавирус бақылаудан шығып барады - БҰҰ бас хатшысы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Коронавирус бақылаудан шығып барады - БҰҰ бас хатшысы

17.09.2020

Коронавирус пандемиясы бақылаудан шығып барады. Және де ол ғаламдық қауіпсіздік үшін №1 қатерге айналды. Мұны Біріккен Ұлттар Ұйымының бас хатшысы Антониу Гутерреш ескертті. 

Тағы бір сөзінде әлемнің бас дипломаты бұл дағдарысты бір вакцинаның күшімен еңсеру мүмкін еместігін мәлімдеп, әсіресе алдағы 12 айда адам өмірін сақтау үшін қолда бар барлық құралды қолдануға шақырды. 

Айта кетсек, планетада COVID-19 жұқтырғандар 30 миллионға, ал одан қайтыс болғандар 1 миллионға жақындап қалды.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу