Араб лигасы соғысты тоқтатуға үндеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Араб лигасы соғысты тоқтатуға үндеді

12.10.2023

Соңғы ақпаратқа сай, Газа секторында Израильдің әуе шабуылынан қаза тапқандар саны 1200-ге жетті. 5300 адам жараланған. 338 мыңнан астам тұрғын үйлерін тастап кетті. Ал Израильде Хамастың шабуылынан мерт болғандар саны 1200-ден асып, 2700 адам жараланды. Израильдің оңшыл бағыттағы үкіметі мен центристік оппозиция мүшелері «соғыс уақытындағы кабинет» құрды. Олар Хамасты жер бетінен жойып жіберетінін мәлімдеді. Мысыр астанасы Каирде өткен шұғыл кездесуде Араб лигасы Израиль мен Хамасты сабырға шақырды. Бұған қоса, Израильді Газадағы соғысты тоқтатуға үндеді. Араб лигасының бас хатшысы Ахмед Абдул Гейт жағдай бақылаудан шығып кетуі мүмкін екенін ескертті.

 Ахмет Абдул Гейт, Араб мемлекеттері лигасының бас хатшысы:

Араб лигасы қиын жағдайға байланысты бас қосып отыр. Израиль мен Хамас арасындағы қақтығыс күллі өңірге қауіп төндіріп тұр. Израиль оккупациялық күштері дайындаған кек алу операциясы тұрақтылық орнатпайды, керісінше, зорлық-зомбылық пен қантөгіске әкеледі. Израильдің Газа халқына қарсы ұжымдық жазалауды қолдануы - халықаралық құқыққа қайшы әрекет.

Арай Төлегенқызы


Хабарламаларға жазылу