Экономист: Өтемақыны тұрғындардың қолына беру – қателік
«Өтемақыны тұрғындардың қолына беру үлкен қателік». Экономистер осылай дейді. Мамандардың сөзінше, бұл сол аумақта инфляция қарқынын арттырып, ақшаның тиімсіз жұмсалуына әкеп соғады. Тоқтала кететін жайт, бүгінде су тасқынынан зардап шеккен 16 мыңнан астам отбасы біржолғы көмек алды. Сондай-ақ баспанасына залал келген 530 отбасының үйін жөндеуге 700 млн теңгеге жуық қаржы бөлінді. Ал үйсіз қалғандардың біршамасы өтемақыны мемлекеттен ақшалай беруді талап етіп отыр. Бірақ, экономистер мен сарапшылар бұған жол беруге болмайтынын айтады.
Айбар Олжай, экономист:
Себебі оның екі үлкен қауіпі бар. Біріншісі, инфляция. Сол аймақтағы инфляцияны қоздырады. Негізі ол сол үйді қайтадан қалпына келтіруге бағытталған қаржы. Ал қолға берілген қаржының нысанын мемлекет әркімнің артынан қалай жүгіріп жүреді? Менің ойымша, сол азаматтардың өзіне де мемлекеттің үйді салып, орнына қойып бергені тиімді. Өйткені олар ақшасын жоғалтпай үйге қол жеткізеді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Иесіз жануарларды тамақтандыру заңды ма?
16.01.2026, 21:33
Шетелдегі кино түсіретін компаниялар табыстың 70-90 пайызын алады
16.01.2026, 20:21
Елімізде қоқыстың 20-25 пайызы ғана қайта өңделеді
16.01.2026, 20:18
Инфекциялық аурулардың ұлттық ғылыми орталығы ашылды
16.01.2026, 20:17
Еліміз бір жылда 70 млрд доллар инвестиция тартты
16.01.2026, 20:16
Еліміз бойынша қызылша жұқтыру дерегі 85% төмендеді
16.01.2026, 20:11
Энергетикалық сусын тұтынатын жасөспірімдер азаймай отыр
16.01.2026, 20:08
Алматыдағы «Қайрат» ықшам ауданында орналасқан 200-ге жуық үй бұзылуы мүмкін
16.01.2026, 20:05