Қазақстандағы коронавирус бойынша 20 қыркүйектегі жағдай - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандағы коронавирус бойынша 20 қыркүйектегі жағдай

20.09.2020

Covid-19 вирусы ПТР тесті бойынша өткен тәулікте 63 адамнан анықталды, ресми дерек бойынша наурыздан бері жалпы саны 107 262. Сондай-ақ, өткен тәулікте 55 адам емделіп шыққан, жалпы емделіп шыққандар - 101 877, қайтыс болғандар 1671. Ал коронавирустық белгісі бар пневмония бойынша өткен тәулікте 272 ауру тіркелген, 5 адам қайтыс болған, 100 адам емделіп шыққан. Тамыздан бері хатталады, тиісінше, сол уақыттан бері тіркелгендер саны 31086, қайтыс болғандар 343. 

Аптада БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерреш Covid-19 коронавирусы бойынша жағдай бақылаудан шығып барады деп мәлімдеді. Ұйымның баспасөз қызметі хабарлағандай, Гутерреш дәл қазір пандемиядан панацея жоқ, дағдарыстан вакцина құтқармайды, әйтеуір жақын арада емес, деген. БҰҰ Бас хатшысының бұлай скептик болуы, вакцина әлем халықтарының бәріне қолжетімді болуы керек, ал ол үшін өте көп қаржы қажет. Екіншіден, адамдар вакцинацияға дайын болуы шарт, яғни қабылдауы керек. Бірақ вакцина туралы дезинформацияға, жалпы, вирус жайлы «жабайы теорияларға» тоқтам болмай тұр, деген А.Гутерреш. Оның жабайы теориялардың басылмай тұрғанына алаңдауы бекер емес.

Мысал өзімізден және жап-жаңа: Қуат Хамитов есімді аралас жекпе-жектен шебер Instagram әлеуметтік желідегі парағында тұрып жатқан жерлеріңізге дезинфекция жасауға келсе, «өйтіңдер де, бүйтіңдер» деген агрессияға толы үндеу жасаған. Елді улап жатыр деген ойы ап-анық байқалады. Кейін полиция департаментіне апарғанда, «бұл қалжың жазба, еліміз аман, жұртымыз тыныш» болсын деп отыр.

Хабарламаларға жазылу