БҰҰ Бас хатшысы: Азия мен әлем үшін жарқын болашақты қамтамасыз етейік - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

БҰҰ Бас хатшысы: Азия мен әлем үшін жарқын болашақты қамтамасыз етейік

13.10.2022

Төтенше жағдайдағы қақтығыстардың геосаяси шиеленісі күшейген сайын сенім мен ынтымақтастық әлсірейді. Азия Кеңесінің VI самитіне қатысушыларға жолдаған бейнеүндеуінде Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Антониу Гуттериш осылай деді. Климаттық дағдарыс барлық жерде жойқын. Коронавирус ықпалы да әлсіреген жоқ. Дағдарыс әлем халқының осал топтарын тығырыққа тіреді. Осы күрделі кезеңде аймақтардың күш біріктіруі бұрынғыдан да маңызды, - деді Бас хатшы. Антониу Гуттериш бейнеүндеуде әлем үшін жаңа күн тәртібін құруға шақырды.

Антониу Гутерриш, БҰҰ Бас хатшысы:

Соңғы 30 жыл ішінде Кеңес Азия елдері арасындағы диалог үшін маңызды алаңға айналды. Біз бейбіт және гүлденген Азиядан пайда көреміз. Мен ортақ мақсаттарымызға қол жеткізудегі серіктестігімізге ризамын. Бұл тұрақты дамуға жәрдемдесу, адам құқықтарын ілгерілету, бейбітшілік және тұрақтылық, көпжақты ынтымақтастықты нығайту. Заманымыздың сын-қатерлерін бірге еңсерейік. Азия мен әлем үшін жарқын болашақты қамтамасыз етейік.

Дарын Сағитов


Хабарламаларға жазылу