БҰҰ басшысы соғысты тоқтатып, коронавируспен күресуге шақырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

БҰҰ басшысы соғысты тоқтатып, коронавируспен күресуге шақырды

24.03.2020
БҰҰ басшысы соғысты тоқтатып, коронавируспен күресуге шақырды

БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш әлем халқын соғысты тоқтатып, коронавируспен күресуге шақырды.

«Біздің еш аяушылықты білмейтін, дін мен ұлтқа бөлінбейтін ортақ жауымыз бар. Ол - COVID-19. Әлемдегі әскери қақтығыстардан қарапайым халық: соның ішінде әйелдер, балалар, мүмкіндігі шектеулі жандар, босқындар зардап шегіп жатыр. Олар бірінші кезекте пандемияның құрбанына айналады», - деді ол.

БҰҰ басшысының айтуынша, әлемде коронавирус өршіп тұрған сәтте соғысудың өзі абсурд. 

«Сондықтан тараптарды соғыс отын тоқтатуға шақырамын. Пандемиямен күресу үшін бар күшімізді жұмылдыратын уақыт жетті», - деді А.Гутерриш.

Хабарламаларға жазылу