Алматыда кезекші топтарға қабылдауға 1-сынып оқушыларының ата-аналарынан өтініш көп түскен. Қазір шаһардың 17 мектебінде 1,2,3 және 4-сынып оқушылары үшін 40-қа жуық кезекші топ жұмыс істейді. Әр білім шаңырағында санитарлық-эпидемиологиялық талаптар қатаң сақталады. Балалардың қауіпсіздігі үшін кіреберіске дезинфекциялық кабиналар қойылған. Әр оқушы міндетті түрде маска тағып, бір партада бір баладан ғана отыруы тиіс. Сынып бөлмелерінде антисептик орнатылып, екі сағат сайын желдетіліп тұрады.
Фатима Әлиақпарова, қалалық №148 мектеп-гимназиясының директоры:
- Ата-аналардың мұны қолдап отырғанын біз түсінеміз. Мектепке келмеген, мектепті көрмеген балаға, әрине, бірден оқытып кету қиындау. Мұнда бірінші мәселе ата-анасы жұмыста болуы керек. Балаларын оқытуға мүмкіндігі жоқ балалардың өтініштерін қабылдадық.