Жаңаөзен қаласында нөсер жауыннан 1 мектеп пен 2 тұрғын үйді су басты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жаңаөзен қаласында нөсер жауыннан 1 мектеп пен 2 тұрғын үйді су басты

06.05.2022

Жаңаөзен қаласында нөсер жауыннан 1 мектеп пен 2 тұрғын үйді су басты.

Сонымен қатар, 8 үйдің ауласына және көшелерге су жиналған. Абырой болғанда ешкім зардап шеккен жоқ. Бүгін нөсер жаңбыр тоқтап, коммуналдық қызметтер арнайы техникалармен жиналған жауын суын соруға кіріскен. Айта кетейік, өңірде кешеден бері нөсер жауын жауып, тұрғындарды әбігерге салды. Қарақия ауданының аумағында таудан сел жүріп, тас жолдарда жүру қиындады. Синоптиктер алдағы екі күнде ауа райы жауын-шашынды, жел күшейіп, кей жердерде бұршақ жауады деп болжап отыр.


Хабарламаларға жазылу