Қарағанды облысында қалың қар жауды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағанды облысында қалың қар жауды

25.04.2022

Маңғыстаулықтар жаңбыр тілеп отырса, Қарағанды облысында қалың қар жауып, тұрғындарды әбігерге салды.

Жергілікті тұрғындар мен көлік жүргізушілері қар басқан жолдар мен үй аулаларын ұялы телефондарына түсіріп, әлеуметтік желіге салып жатыр. Күн райының өзгеруіне байланысты бүкіл өңірде ескерту жарияланды. Салдарынан Алматы-Екатеринбург тас жолының Қарағанды-Балқаш бөлігінде көлік қозғалысы біраз қиындаған еді. Қазір жолдағы жағдай қалыпқа келтірілді. Синоптиктердің болжауынша, осы түнде Қарағанды облысының оңтүстік аумағында да қар аралас жаңбыр жауып, кей жерлерде жел екпіні күшейеді.


Хабарламаларға жазылу