Боливияда бұршақ жауып, сел жүрді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Боливияда бұршақ жауып, сел жүрді

02.11.2021

Боливияның Тариха қаласында бұршақ жауып, жұртты әбігерге салды. Үлкендігі бөдененің жұмыртқасындай бұршақтан біршама үйдің шатыры тесіліп, терезелері сынған. Көліктерге де зақым келді. Күшті жел тұрып, жолдарды көктайғақ басқан. Соңынан қар аралас жаңбыр жауып, сел жүрді. Табиғаттың тосын мінезінен тұрғындарға келген шығын мөлшері есептеліп жатыр. 


Хабарламаларға жазылу