Жамбыл облысында бұршақ жауып, бірнеше елдімекеннің халқын әбігерге салды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жамбыл облысында бұршақ жауып, бірнеше елдімекеннің халқын әбігерге салды

14.06.2022

Табиғат тосын мінез танытты. Жамбыл облысының Шу ауданында қатты бұршақ жауып, бірнеше елді мекеннің халқын әбігерге салды. Аппақ мұздақтар жолдар мен егістік алқаптарды басып қалған

Алдымен қатты нөсер жаңбыр жауып, оның арты аппақ мұзға айналған. Аймақтағы тұрғындар, әсіресе шаруалар қауымы мұндай бұршақ енді қайталанбаса деп отыр. Өйткені  тағы жауатын болса ауылшаруашылығы дақылдарына айтарлық зиян келе ме деп қауіптенеді. Қатты мұздақ бақшада түйіндеген көкөністер мен жемістердің сабағын үзіп қиратып кетуі де мүмкін.

Синоптиктердің айтуынша Жамбыл облысында алдағы тәуліктерде ауа-райы бұзылып, желдің екпіні секундына 23 метрге жетуі мүмкін. Найзағай ойнап, нөсер жауын болады деген болжам бар.


Хабарламаларға жазылу