Астанада алдағы күндер жаңбырлы болады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада алдағы күндер жаңбырлы болады

21.08.2018

Астанада толассыз жауған жауын салдары қаладағы қозғалысты тежеп, тұрғындарды әбігерге салды. Халық өз көліктерінен түсірілген бейнатаспаларды әлеуметтік желілерге сағат сайын жүктеп жатты. Жауынның көп жауғаны соншалық, автобус іштерін су басып, жолаушылардың жағдайын қиындатты. Синоптиктер алдағы күндер де жаңбырлы болады деген болжам айтып отыр. 

Ақмола облысында түнде кей жерлерде қатты жаңбыр жауып, найзағай, тұман және бұршақ жауады. Астана қаласында түнде және таңертен тұман болып, күндіз бұршақ жауады. Ал, Алматы облысында да жаңбыр жауып, су деңгейі көтерілуі мүмкін. Сондай-ақ, Солтүстік Қазақстан облысында қатты жаңбыр жауып, желдің жылдамдығы секундына 20 метрге дейін жетеді деп күтілуде. 

 

Бақытжан ОМАР

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу