Теңге құнсызданып барады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Теңге құнсызданып барады

10.09.2020

Теңгенің құсыздануы мұнай бағасына тікелей байланысты. Ұлттық банк өкілдері төл валютаның арзандауына осы фактор негіз дейді. Қыркүйектен бастап мұнай бағасы 11 пайызға құлдыраған. «Мұндай жағдайдың қалыптасуына инвесторлардың күмәні ықпал етті, яғни олар көмірсутекке сұраныс артатынына күмәнмен қарайды», - дейді Ұлттық банк өкілдері. Бірақ қазір әлемдік локдаунның босаңсуынан соң әлемде мұнайды тұтыну ақырындап қалпына келіп жатыр. 

Айта өтейік, бүгін доллардың теңгеге шаққандағы құны 425,73 тиынды көрсетті. Яғни, кешелі бері теңге 63 тиынға арзандаған. 

Әлия Молдабекова, ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынбасары:

- Теңгенің әлсіреуі негізгі экспорттық тауарымыз – мұнай бағасының құлдырауымен тікелей байланысты. Жағдайдың әрі қарай өрбуі әлемдік короновирус пандемиясы мен ОПЕК+ елдерінің саясатына тәуелді.

Ләйлә Дулатқызы


Хабарламаларға жазылу