Жамбыл облысында жерді саудаға салған шенеунік парамен ұсталды
Тұрар Рысқұлов ауданы аумағындағы шаруа қожалықтарының біріне берілген 150 гектар жердің пайдалану мерзімі біткенін пайдаланып, жымысқы ойын жүзеге асырмақ болған.
Осы жерге әрі қарай да қожалықтың иелік етуі үшін кейбір заңдылықтарға көзжұмбайлықпен қарайтынын айтып, сол қызметі үшін 5 мың доллар пара дәметеді. Араға делдал салады.
Сөйтіп, осыдан 1 ай бұрын келісілген ақшаның 300 мың теңгесін алып, сыбайластарымен бөліседі.
Осыдан бірер күн бұрын Тараз қаласындағы пәтерлердің бірінде параның қалған бөлігін алып жатқан жерінде шенді қызметкердің қолына кісен салынды.
Мақсат Байдалиев, облыстық Қаржы полициясы департаментінің бөлім бастығы:
Қылмыстық Кодекстің 311-бабы бойынша 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру және мүлкін тәркілеуге қатысты жазаға тартылуы ықтимал.
Ғани ҚАЛМАХАНОВ
Автор
Ғани Қалмахан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
308 жасанды интеллект агенті әзірленіп жатыр
21.08.2026, 20:59
Шалғай ауылдар газдандырылып жатыр
21.08.2026, 20:50
Қызылорда облысында жастар тазалық акциясына шықты
21.08.2026, 20:49
Мәскеудегі бес сайлау учаскесі сайлауға дайын
21.08.2026, 20:47
Орталық сайлау комиссиясының төрағасы халықаралық байқаушылармен кездесті
21.08.2026, 20:40
Елімізде ұлттық киім өндірісі дамып келеді
21.08.2026, 20:06
Ақмола облысында логопед мамандарға сұраныс артты
21.08.2026, 20:03
Президент: 23 тамыз – ел тағдыры үшін бетбұрысты сәт
21.08.2026, 20:00