Алматыда шенеунік көлігімен 3 жасар баланы қағып кетті
Шенеунік көлігімен қағып кеткен 3 жасар бүлдіршін ес-түссіз жатыр. Ал, жүкті әйел мен баланы соғып кеткен «Lexus» жүргізушісі қылмыстық жауапкершілікке тартылады.
Ол Қылмыстық Кодекстің 3 бабы бойынша заң алдында жауап береді.
Бұл туралы Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметі хабарлады. Естеріңізге салайық, оқыс оқиға 20-маусымда тіркелді.
Анасы мен баласы Жансүгіров пен Жұмабаев көшелерінің қиылысынан өтіп бара жатып, жүйткіген «Lexus»-тың астына түскен.
Қалалық ІІД таратқан ақпар бойынша, көлік жүргізушісі оқиға орнынан тайып тұрмақ болған. Қуыс көшелердің біріне бұрылған «Лексусты» оқиға куәгерлері көліктерімен жолын бөгеп, жүргізбей қойған.
Медициналық тексеру барысында жүргізушінің мас екендігі анықталған. Ауыр соққы алған жүкті ана ауруханада жатыр. 3 жасар бүлдіршіннің халі мүшкіл. Дәрігерлер оның бас сүйегі сынғанын айтып отыр.
Дәурен ДАРИЯБЕК
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
308 жасанды интеллект агенті әзірленіп жатыр
21.08.2026, 20:59
Шалғай ауылдар газдандырылып жатыр
21.08.2026, 20:50
Қызылорда облысында жастар тазалық акциясына шықты
21.08.2026, 20:49
Мәскеудегі бес сайлау учаскесі сайлауға дайын
21.08.2026, 20:47
Орталық сайлау комиссиясының төрағасы халықаралық байқаушылармен кездесті
21.08.2026, 20:40
Елімізде ұлттық киім өндірісі дамып келеді
21.08.2026, 20:06
Ақмола облысында логопед мамандарға сұраныс артты
21.08.2026, 20:03
Президент: 23 тамыз – ел тағдыры үшін бетбұрысты сәт
21.08.2026, 20:00