Алматы облысының Қарасай ауданында індеттің екінші толқыны алдындағы сақтық шаралары күшейді. Қоғамдық орындарды залалсыздандыратын мамандарға мемлекеттік қызметтер көмекке келді. Әкімдік мамандары демалыс күндері кезекшілік ұйымдастырып, халық көп жүреді деген жерлерді дезинфекциялап, тұрғындардың бетперде киіп жүруін қадағалауда.
«Әлемде коронавирустың екінші легі басталған сәтте босаңсуға негіз жоқ. Сондықтан жұмыла індетті болдырмауға күш салып жатырмыз», - дейді қарасайлық мемлекеттік қызметшілер. Жалпы, Жетісу өңірінде соңғы тәулікте симптомсыз індет жұқтырған бір ғана жағдай тіркелген. Ал ауырғандар саны 5 мыңға жуықтап қалды.
Абылай Зуайдар, Қарасай аудандық Жұмыспен қамту орталығының бөлім басшысы:
- Сенбі, жексенбіде осылай дезинфекциялау жұмыстарына өз еркімізбен көмектесудеміз. Карантин жеңілдегенімен, әлі де қауіп сақталуда. Сондықтан осылай халық арасында жүріп, көмектесіп, жұмыс атқарамыз.
Қуаныш Қанатұлы