Мұғалімдерді мектептің жөндеу жұмыстарына жеккендер жазаланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мұғалімдерді мектептің жөндеу жұмыстарына жеккендер жазаланды

31.08.2020

Елімізде мұғалім мәртебесі заңын бұзғандар жазаланып жатыр. 30-дан астам адамға айыппұл салынды. Олардың арасында тек басшылар ғана емес ата-аналар да бар.

Бұл биыл қабылданған заңның орындалуын бақылау үшін мектептерге жүргізілген тексеріс кезінде анықталған. Жазасын алғандардың қатарында Түркістан облысының Леңгір қаласындағы мектеп-интернаттың басшылары бар.

Сондай-ақ, Кентауда мұғалімдерді мәжбүрлеп мектептің жөндеу жұмыстарына тартқандар анықталды. Мекеме басшылығы әкімшілік жаза арқалады. Жалпы, осындай шағымдар өңірлік департаменттерге жиі түседі. Білім министрлігі келешекте жазаны қатаңдатуды жоспарлап отыр.   

Фариза Мұсақызы

Хабарламаларға жазылу