Қостанайда көпқабатты үйлердің қабырғасы Абайдың алып бейнесімен безендіріліп жатыр.
Мұндай суреттер Абай даңғылындағы 28 үй мен Баймағанбетов көшесіндегі 162-ші үйге салынған. Бұл кескіндемелер ұлы ақынның 175 жылдығына орай қостанайлықтарға жасалған тарту. Қаржы бюджеттен бөлінген. Суретшілер өз туындыларында қазақтың біртуар перзенітінің болмысын беруге тырысқан. Алдағы уақытта орта ғасыр ойшылы Әл-Фараби, ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсарин және екінші дүниежүзілік соғыстың батыры Сұлтан Баймағамбетовтің де бейнелерін кескіндеу жоспарда тұр.
Наталья Булатова, жарнама компаниясының директоры:
Біздің бұл туындыларымызға жұрттың көңілі түзу. Оларға ұнайды. Әлеуметтік желілерде көптеген жылы лебіздер айтылып жатыр. Еңбегіміздің тұрғындар тарапынан оң баға алуы – біз үшін ең басты жетістік.