Коронавирус пен пневмония статистикасы бірге есепке алына бастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Коронавирус пен пневмония статистикасы бірге есепке алына бастады

02.08.2020
Коронавирус пен пневмония статистикасы бірге есепке алына бастады

COVID–19 және пневмонияға шалдыққан науқастар туралы мәлімет барынша ашық болу үшін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі 18 шілдеден бастап статистикалық деректерді есепке алу мен қалыптастырудың жаңа тәсілдерін анықтады.

2020 жылдың 1 тамызынан бастап зертханада анықталған COVID-19 бен ПТР-тест нәтижесі таза, бірақ коронавирус инфекциясының клиникалық және эпидемиологиялық белгілері бар пневмония бірге есепке алынады.

Коронавирус және пневмонияны есепке алудың жаңа тәсілі дұрыс болжам жасауға, қажетті ресурстарды: медициналық кадр, төсек-орын, медициналық жабдық, дәрілік заттарды жоспарлауға, сондай-ақ статистиканың ашық болуына мүмкіндік береді.

Осылайша, 2020 жылдың 1 тамызындағы жағдай бойынша, 1 226 адамнан COVID-19 анықталып, соңғы тәулікте 36 адам қайтыс болды. 5 181 науқас зертханада анықталмаған, бірақ коронавирус инфекциясының клиникалық және эпидемиологиялық белгілері бар пневмонияға шалдыққан. Өткен тәулікте осы диагноздан 30 науқас қайтыс болды.


Хабарламаларға жазылу